Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оның 52-сі есірткі өткізу фактісі бойынша жасалған.
"26 шілдеде Қарағанды облысы, Бұхар Жырау ауданы, Курминка ауылында полиция қызметкерлері бір азаматты ұстап, оның "ВАЗ-2102" көлігінен 372 кг марихуана анықтап тәркілеген. 28 шілдеде Павлодар қаласындағы "Рубеж" бекетінде ІІД-нің ЖПБ қызметкерлері "Урал" мотоциклін тоқтатып, оның иесінен 1 кг 908 грамм героин тәркілеген. 29 шілдеде Шымкент қаласында Шымкент станциясындағы ЖІІб қызметкерлері бір әйелді ұстап, оның пәтерінен 117 грамм героин анықтаған",- деді Б.Қожахметов.