Республикада өткен екі күнде бес адам суға батып кетті

ТЖМ мәліметінше, Астанада Есіл өзеніне (Сарыарқа ауданы) 19 маусымда 16 сағат 40 минутта суда жүзіп жүрген 13 жасар бала батып кетті; Алматы облысының Қарасай ауданында Жалпақсай ауылының маңындағы су қоймасына 18 маусымда сағат 22.00-де 26 жастағы жігіт батып кетті; Петропавловск қаласында Есілге ("Восточный берег" дәмханасының маңы) 19 маусымда 19 сағат 20 минутта 21 жастағы жігіт батып кетті;

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында Покровка ауылының маңында 19 маусымда сағат 14.00-те 25 жастағы жігіт Есілге батып кетті; Батыс Қазақстан облысының Зеленовский ауданында Мичурино ауылының маңында Шаған өзеніне 19 маусымда 34 жастағы ер адам батып кетті, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.