ТЖМ мәліметінше, 16 маусымда 14 сағат 30 минутта Алматы облысының Жамбыл ауылында 3 жасар бала арыққа құлап батып кетті. Оның мәйітін ата-анасы тауып алды.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сонымен бірге, 15 маусымда 19 сағат 50 минутта Ақтөбеде бір ер адам Елек өзеніне батып кетті; Қарағанды облысының Ростовка кентінде 15 маусымда 20 сағат 40 минутта Нұра өзеніне 7 жасар бала батып кетті; Қарағанды облысының Ботақара ауылында 16 маусымда сағат 10.00-да Нұра өзеніне бір ер адам батып кетті.