«2011 жылдың бірінші жартыжылдығында халық арасында тырысқақ, оба, туляремия, паратиф, дифтерия, полиомиелит, трихенеллез, аусыл ауруларымен ауырған оқиғалары тіркелмеді», - делінген дүйсенбі күні таратылған хабарда.
Денсаулық министрлігі ботулизммен ауру көрсеткішінің 4,3 есеге, түйнемемен ауру 2 есеге, сальмоноллезбен ауру - 35,6 %, өткір гепатиттермен ауру - 30,1%-ға, қышымамен ауру - 19,7%, шигеллез - 16,1%, бруцеллез -15,7%, бактериалдық дизентериямен - 15,0%, ішек ауруларымен - 13,1%, тыныс жолдарының туберулезімен ауру -11,7%, эхинококкоз - 8,9%, ВИЧ инфекциясымен ауру - 5,8% төмендеген.
Хабарда айтылғандай, биыл дер кезінде жүргізілген профилактикалық шаралар арқасында Конго-қырым қанды безгегімен (КҚҚБ) ауру былтырғы осындай аралықпен салыстырғанда 2,8 есеге кеміген.
11 шілдедегі жағдай бойынша республикада КҚҚБ жұқтырудың 6 оқиғасы тіркелген. (2010 жылы - 17 оқиға).