"Облыстық денсаулық сақтау және санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменттері ұсынған мәліметтер бойынша, тексерілген мекемелердің 34%-де санитарлық дезинфекциялық залалсыздандыру ережелерінің бұзылғандығы белгілі болды",-дейді Анатолий Белоног Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Ол денсаулық сақтау департаменті барлық облыстық емдеу мекемелеріндегі стерилдеу және дезинфекциялау тәртібінің сақталу барысын мұқият тексеруді тапсырғанын ескертті. 20 тамыз күнгі жағдаймен республикадағы медицина мекемелерінің 99% тексерілді.
А.Белоногтың айтуынша, анықталған заң бұзушылықтардың басым бөлігі "медицина қызметкерлерінің жұмысына, қажетті құрал жабдықтың жетіспеуіне , стерилдеу ережесінің сақталмауына байланысты". "Орын алған келеңсіздіктерге қатысты тиісті ескертулер жасалып, бүгінгі таңда олқылықтар жойылды",-деп атап өтті ол.