Республикалық әскери-патриоттық әндер фестиваліне қатысуға 39 өтініш іріктеп алынды

«Бүгінгі күні конкурсқа қатысу үшін 39 өтініш іріктелді. 9 қатысушы 3 номинация бойынша фестивальдің жеңімпаздары атанады: «Әскери-патриоттық әндер», бұл Ұлы Отан соңғысы, Ауған соғысы туралы және қазіргі Қазақстан туралы әндер, «Отан туралы әндер» және «Авторлық ән», - деді ол сәрсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Оның хабарлауынша, жеңімпаздарға 1-ші, 2-ші және 3-ші орындар үшін сәйкесінше Т150 мың, Т100 мың және Т50 мыңнан сыйақы беріледі. Бұдан басқа, оларға «Нұр Отан» ХДП-сынан, фестивальдің басқа да ұйымдастырушыларынан бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

Фестивальдің ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, іріктеу турлары Қазақстанның барлық аймақтарында үстіміздегі жылдың 1-20 қазаны аралығында өтті. Конкурсқа орта арнайы оқу мекемелерінің оқушылары, ЖОО студенттері, әскери училищелердің курсанттары, әскердегі жастар, шығармашылық студиялардың, музыкалық ұжымдардың тәрбиеленушілері, жеке орындаушылар және вокальдық-инструменталдық ансамбльдер қатысты.

Финалдық тур 30-31 қазанда Алматыда Ерлан Көкеевтің «Ретро Шлягер» клубында өтеді. Қазылар алқасының құрамы әзірге белгіленген жоқ, бірақ отандық эстрада жұлдыздарын, белгілі дирижерлар мен музыканттарды тарту жоспарланған. Яғни, ұйымдастырушылардың сөзімен айтқанда, «кәсіпқойлар әуесқойларды бағалайды».

Фестиваль жеңімпаздарының қорытынды гала-концерті қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен үстіміздегі жылдың 1 қарашасында Алматыдағы студенттер сарайында өтеді. Ал 2-6 қарашада жеңімпаздар мен номинанттар Жезқазған және Сәтпаев қалаларына турнеге шығады.

Фестивальдің ұйымдастыру комитетінің төрағасы Байкал Хамзиннің айтуынша, мұндай фестиваль Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр, бірақ оны «жүйелі түрде өткізу қажет».

«Бұл фестивальдің жүйелі түрде өткенін қалаймыз. Өйткені отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу керек. Бұл дарынды жастар үшін ілгері қозғалуға мүмкіндік беретін алаң болғанын қалаймыз», - деді ол.