Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
«Үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы, ең алдымен, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық және уақтылы орындауға, сондай-ақ ағымдағы жағдайда экономиканы сапалы және орнықты дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған. 2023-2025-ші жылдары жалпы ішкі өнімнің өсімі 4 - 4,1 пайыз деңгейінде болады деп болжанып отыр. Инфляцияның орташа жылдық деңгейі 2025-ші жылға қарай 3-4 пайызға дейін төмендейді деп жоспарланып отыр», - деді Ә. Смайылов.
Оның айтуынша, Республикалық бюджет кірістері 2023 жылы 3 трлн теңгеге немесе биылға қарағанда 27 пайызға ұлғаяды.
«Осылайша, республикалық бюджет кірістерінің жоғары деңгейде өсу қарқынын қамтамасыз етіп отырмыз», - деді Үкімет басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов 2024 жылдың соңына қарай инфляция нысаналы дәлізде болатынын айтты.