Республикалық бюджет шығыстары 610,7 млрд теңгеге қысқарады - ҰЭМ


Тұтастай алғанда, республикалық бюджет шығыстары 2015 жылы 7 триллион 244,5 млрд теңгеге болжанып отыр. Бұл бұған дейін нақтыланған көрсеткішке қарағанда 610,7 млрд теңгеге аз. Импорт пен ІЖӨ бойынша болжамның төмендегенiн ескере отырып, мұнайдың бағасы баррелiне 50 доллар, экспорттық баж тоннасына 60 доллар болған кезде республикалық бюджеттiң кiрiстерi 2015 жылы 3 трлн 219 млрд 900 млн көлемiнде бағаланады. Бұл нақтыланған бюджетке қарағанда 939 млрд 600 млн теңгеге төмен», - деді министр.

Оның айтуынша, 2015 жылы бюджет тапшылығы 259 млрд 400 млн теңгеге немесе ІЖӨ 3 пайызына дейiн ұлғайту ұсынылады. Ал, Ұлттық қордан кепiлдендiрiлген трансферт мөлшерi 1 трлн 702 млрд теңге деңгейiнде сақталады.

«Жалпы алғанда, 2015 жылы өнеркәсiп 0,3 пайызға қысқарса, бұл көрсеткіш 2019 жылға қарай 2 пайызға дейiн ұлғаяды. Өндiрiс көлемi және өнеркәсiп өнiмдерi экспортының төмендеуi мен инвестициялардың бәсеңдеуi салдарынан қызметтер саласының өсiмi 2015 жылы 2,2 пайызға дейiн қысқаруы болжанады. Сонымен қатар, Ұлттық банктiң болжамы бойынша экспорт көлемi 2015 жылы 44,7 пайызға немесе 43 млрд 600 млн долларға дейiн төмендейдi. Импорт 21,8 пайызға немесе 34 млрд 700 млн долларға дейiн азаяды. Инфляция деңгейi бұрын нақтыланған 6-8 пайыз дәлiзiнде сақталады», - дейді Е. Досаев.