Республикалық бюджетті қайта қарау кезінде қорғаныс министрлігі жобаларының басым бөлігі қысқартылады

"Қорғаныс министрлігінің әскери техниканы сатып алу жобаларының басым бөлігі қысқартылады", - деді ол. Сонымен қатар, Б. Сұлтановтың айтуынша "Ауыз су" бағдарламасы шамалы қысқартылады.

Сондай-ақ, ауылшаруашылық министрлігінің берген бағасы бойынша, құжаттарды рәсімдеу және тендерлердің кеш өткізілуіне байланысты биылғы жылы игерілмей қалатын көлемдерге байланысты қаржы мөлшері болымсыз қысқартылады.