Республикалық бюджеттік комиссия Қазақстанның 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімдік әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын мақұлдады

"Күн тәртібіне сәйкес, Республикалық бюджеттік комиссияның отырысында 2008-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспары, 2008-2010 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің орта мерзімді фискалдық саясаты мен 2008 жылғы республикалық бюджеттің нақтылау параметрлері қарастырылып, мақұлданды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Отырыста мемлекеттік органдарға Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне шығындардың аталған бағыттары жөніндегі барлық қажетті есептер мен негіздемелерді ұсыну тапсырылды.