Республикалық маңызы бар жолдар ашылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа портал Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Ақтөбе өңіріндегі "Самара-Шымкент" тасжолының екі учаскесінен (ЭКО Ойл бекетінен Қарабұтақ ауылына дейін және Қарабұтақ ауылынан Ырғыз ауылына дейінгі аралықтар) басқа республикалық маңызы бар күре жолдар ашылды", - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше "ҚазАвтоЖол" бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылғанын хабарлаған болатын.