Қар еріп, су деңгейінің көтерілуіне байланысты Қазақстандағы бірқатар республикалық маңыздағы жолдарда қозғалыс шектелді. Қазіргі таңда СҚО мен Ақтөбе облысы аумағында республикалық маңыздағы жолдар жабылған. СҚО-да Жезғазған-Петропавл тасжолының 705-786 шақырымында жол қозғалысы барлық көлік түрлеріне шектелген. Ал Ақтөбе облысында ағын суға байланысты Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз тасжолының 219-200 шақырымдарында барлық көлікке қозғалыс шектелді. Сондай-ақ, аталған тасжолдың 200-220 шақырымы (Мөңке би ауылы мен Кайдауыл ауылының арасындағы жол) жабық. Сондай-ақ Ақтөбе, СҚО, Қостанай облыстарында жолдарды сел суының басу қаупі бар 7 республикалық жол анықталып отыр. Барлық аталған аймақтарда су өтетін құбырлар тартылған. Ескерту белгілері, бағаналары қойылған. Аймақтарды мамандар тәулік бойы қадағалауда.