Республикалық саяси партиялар мен бірлестіктер Алматы аумағында сайлау комиссияларын құруға 4991 үміткердің атын ұсынды

Т.Мұқашевтың айтуынша, қазіргі жағдаймен қаладағы барлық 494 сайлау комиссиясына еліміздегі барлық саяси партиялардан үміткерлер есімі ұсынылды. Атап айтқанда, "Ақжол" партиясынан 483, Қазақстанның демократиялық таңдауы партиясынан 308, Қазақстанның патриоттары партиясынан 103, Азаматтық партиядан 494, Аграрлық партиядан 494, "Руханият" партиясынан 494, "Ауыл" партиясынан 494, "Асар" партиясынан 494 кандидат ұсынылды.

Т.Мұқашевтың айтуынша, бүгін Алматы қалалық әкімшілігінде Алматы қалалық сайлау комиссияларына үміткерлерді сайлау үшін дауыс беріледі. Әрбір сайлау комиссиясына Республикалық саяси партиялар мен бірлестіктерден 7-ден кем емес өкіл сайлануы тиіс.
Дауыс беру қорытындысы ертең, 8-маусымда белгілі болады.