Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жоба қалалық мәслихаттардың депутаттарының іс-қызметіндегі ашықтық пен айқындықты көтеруге септігін тигізу және жұртшылық назарын жалпы билік органдарының іс-қызметіндегі ашықтықтың төмендігі проблемасына аударуды көздейді.
Жоба Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан , Оңтүстік Қазақстан , шығыс Қазақстан облыстарында, Астана және Алматы қалаларында жүзеге асырылады.
"Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісі жүргізілген тексерулердің негізінде қалалық мәслихаттардың депутаттарының іс-қызметіндегі ашықтықты арттыруға бағытталған нұсқаулар шығармақшы. Ондағы мақсат - адам құқығының халықаралық стандарттарына сәйкес азаматтардың ақпаратқа еркін қол жеткізуіне септігін тигізу. Бұған қоса бұқаралық ұйым мәслихаттардың іс-қызметіндегі ашықтықыт арттыру үшін тренингтер өткізетін болады", -делінген хабарламада.
"Қазақстандық билік органдары өз іс-қызметіндегі ашықтық тұрғысынан жиі сынға ұшырайды. Жергілікті өкілетті билік органдары да бұл сыннан тасқары қалып отырған жоқ. Халық мәслихаттарға аз сенеді, азаматтар қалалық мәслихатта өз округының мүддесін қорғайтын депутаттың аты-жөнін де біле бермейді. Биліктің осы органына сайлауға сайлаушылардың келу көрсеткіші ең төмен", -деп түсіндіреді баспасөз қызметі.
Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісінің пікірінше, мұндай ахуалдың қалыптасуына бір себеп - мәслихаттардың жұмысындағы ашықтықты қамтамасыз ететін заңнамалық деңгейдегі механизмдердің жоқтығы болмақ. Сонымен бірге Қазақстандағы сайлау ерекшеліктері депутаттардың сайлау науқанынан кейін сайлаушылармен қарым-қатынас орнату жолдарының дамымай қалуына алып келуде.