Республикалық тікұшақтар паркін толықтыру мәселесі үкіметте талқыланды



Атап айтқанда, келешекте сатып алу мүмкіндігін қарастыру мақсатында Robinson Helicopter (АҚШ ) компаниясы ұсынған жалпы мақсаттағы тікұшақтар моделі қаралды. Атап өтілгендей, аталған модель жиырма жылдан астам уақыт бойы поршеньді двигательді тікұшақтар рыногында танымал болып табылады. Олар бағасының арзандығы, табиғаттың әр түрлі жағдайында басқаруға және соған бейімделуге қолайлылығымен ерекшеленеді. Оларды төтенше жағдайлар қызметінде, шекаралық қызметте, сондай-ақ ішкі істер жүйесі құрамаларындағы күзет және бақылау мақсатында пайдалануға болады.
Ұсынылған ақпаратты тыңдай келе, үкімет басшысы мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдеріне аталған тікұшақ моделі бойынша өнім жасалып жатқан жерге барып, оның техникалық сипаттамасын жан-жақты зерттеп, республика қажеттілігі үшін сатып алу мүмкіндігі жөнінде нақты шешім қабылдау үшін өз ұсыныстарын үкіметке енгізуге тапсырма берді.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті