Республикамызға Германиядан инвестиция тартуға қажетті жағдайлардың барлығын Қазақстан жасайды

Мемлекет басшысының пікірінше, "екі жақты іскерлік байланыстарды нығайтуға септігін тигізетін бағыттар сан-салалы". "Германияда автокөлік жасау, құрал-жабдықтар жасау, электротехника, фармацевтика, металлургия, химия, көлік және коммуникация, жоғары технологиялар саласы дәстүрлі озық дамығанын ескере отырып, экономиканың дәл осы салаларындағы бірлескен бизнесті дамытуға өз басым қолдау білдірер едім",- деді Елбасы.

Ол осы орайда Қазақстан тарапынан Германияның " жоғары технологиялық өнімдер өндірумен шұғылданатын шағын және орта бизнес саласындағы кәсіпорындарды қолдау, сауда-ақпараттық инфрақұрылымды дамыту, өнім экспорттау бағдарламаларын дамыту, сондай-ақ, осы салалардағы мамандарды дайындау" тәжірибесіне аса қызығушылық танытылып отырғаны айтылды.
Бүгінгі бизнес форум аясында Германиялық кәсіпкерлерге Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуалымен және инвестициялық іс-қызмет үшін өзара перспективалы ынтымақтастық бағыттарымен танысу мүмкіндігі беріледі,- деді Н.Назарбаев. Сөз соңында ол бизнес-форум жұмысы оңды нәтижелерге қол жеткізеді дегенге сенім білдірді.