Республиканың 11 өңірінде өндірістің өсуі байқалды


 2013 жылғы қаңтар-тамызда 2012 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда шикі мұнай, темір және түсті металдар кендерін өндіру артты.

«Тамақ өнімдерінің, сусындардың, химия, машина жасау және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі жоғарылады. Өндірістің өсуі республиканың 11 өңірінде байқалды. Төмендеу Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстарында тіркелді»,-делінген агенттік мәліметінде.