Республиканың 4 өңірінде аптап ыстық болады

Солтүстік-батыста түнде және таңертен тұман түсіп, республиканың оңтүстік-шығысында, шығысы мен орталығында күндіз қатты ыстық болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыста күн жауын-шашынсыз өтетіні болжануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с-пен соққан желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықтағы желдің күші 23 м/с-қа артуы мүмкін, түнде және таңертен тұман болады.

Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады. Павлодар, Ақтөбе облыстарының кей аумақтарында  найзағай ойнап, 18 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Күндіз Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген бөліктерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.


Күндіз Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.        

Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.