Республиканың арнаулы қызметтері саяси ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттер туралы ақпараттардан хабардар

Осыған байланысты Н.Дүтбаевтың мәлімдеуінше, "ахуалды ушықтыруға, тұрақсыздыққа бағытталған кез-келген әрекетке республиканың құқық қорғау мекемелері қатаң тосқауыл қоятын болады".

ҰҚК-нің төрағасы Қауіпсіздік кеңесінің бір отырысында өзіне Қазақстан аумағында "түрлі-түсті төңкеріс болу" мүмкіндігі туралы сауал қойылғанын еске салды. "Осы мерзімде менің тұжырымым өзгерген жоқ. Еліміздің азаматтары қандай болмасын төңкеріске үзілді-кесілді қарсы. Бұл - ортақ пікір дегенді үлкен жауапкершілікпен айта аламын",- деді Н.Дүтбаев.