Республиканың бас прокуратурасы ҚР ҰҚК-нің құзыретіне берілетін қылмыстық істерді шектеуді ұсынады

"ҰҚК органдары өз өкілеттілігіне жатпайтын қылмыстық істерді тексерумен жиі айналысатындықтан, біз арнайы норма енгізіп, ҰҚК органдарының тергеушілері тек мемлекеттің қауіпсіздігі мен Конституциялық құрылымның негізін қиратуға бағытталған әрекеттерге қатысты қылмыстық істерді ғана тексеруін заңдастыруды ұсынамыз",- деді І.Бақтыбаев.

Оның пікірінше, сонымен бірге "жауапты мемлекеттік лауазымда отырған тұлғалар мен сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған лауазым иелеріне қатысты қылмыстық істерді де тек бірегей жағдайларға ғана ҰҚК-нің тексеру құзыретінде қалдыруға болады".

Бұған қоса І.Бақтыбаевтың атап көрсеткеніндей, "Қылмыстық процеске қатысушы тұлғаларды мемлекет тарапынан қорғау жөніндегі" заңды жүзеге асыру үшін "аса қатерлі қылмыстарды тексеру мен әшкерелеуге көмек көрсетуші куәгерлер мен жәбірленушілерді қорғаудың ықпалды жүйесін" құруға мүмкіндік беретін үкіметтік бағдарламаның жобасын жасау қажет. "Өкінінше орай, бұл заң бірнеше жылдан бері қалаған деңгейде жұмыс істемей отыр. Сол себепті аталмыш бағдарламада заңның ережелерін жүзеге асыруға қажетті тиісті материалдық-техникалық қамтамасыздық жөніндегі баптарды қарастырған жөн",- деді І.Бақтыбаев.

Сонымен бірге І.Бақтыбаевтың хабарлауынша, Бас прокуратура ішкі істер органдары үшін сыбайлас жемқорлық және лауазымдық қылмыстарды тексеру бойынша балама тергеу өкілеттілігін белгілеу жөніндегі ІІМ-нің ұсынысын қолдайды. "Қазір бұл қаржы полициясының бірегей құзыретінде. Бірақ біздің пайымдауымызша, еліміздің барлық елді мекендерінде өз қызметкерлері бар ауқымды орган сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске белсенді тартылуға тиіс",- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті