"Қазақстан Республикасындағы "Сайлау туралы" заңның 27-бабы, 7-тармағына сәйкес, БАҚ-тар үміткердің абырой, ар-ұжданы мен іскерлік беделіне қасақана нұқсан келтіруге бағытталған материалдарды басып шығарудан бас тартуға тиіс. Осыған қарамастан, соңғы кезде кейбір БАҚ-тар мен жекелеген азаматтар үміткерлердің беделін түсіруге қасақана әрекеттену деректері байқалуда",- деді І.Бақтыбаев.
"Шығарған ұйымдары, басып шығарылған жері, таралымы мен шығарылымды жауаптанған адамдар туралы ақпараттары көрсетілмеген мылқау үгіт материалдарын тарату оқиғалары тіркелуде",- деді ол.
Сонымен бірге І.Бақтыбаев "қолданыстағы заңнамада республика президенттігіне үміткердің беделін қасақана түсіруге әрекет жасағаны үшін жеткілікті әрі лайықты жауапкершілік шаралары көзделген. Және бұл шаралар заң бұзған адамдарға қолданылды да", деп атап өтті.
"Үміткерлер туралы көпе-көрінеу жалған ақпараттар тарату мен сайлау нәтижесіне әсер ету қамымен олардың абырой-беделін қасақана түсіруге бағытталған әрекеттер үшін Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекстің 100-бабы бойынша жауапкершілік жүктеледі. "Сайлау туралы" заңның 59-бабы, 7-тармағы, 3-тармақшасына сәйкес сот тарапынан үміткер немесе оның сенімді тұлғаларының екінші бір үміткердің ар-ұжданы мен беделін түсіруге бағытталған жалған ақпараттар тарату дерегі анықталған жағдайда бұл үміткерді тіркеуден бас тарту немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға негіз бола алады",- деді бас прокурордың орынбасары.