Республиканың басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады - 16 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Тек еліміздің оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында боран, көктайғақ болады, 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді, Қостанай облысының жекелеген аудандарында тұман түседі.

Павлодар, Ақмола облыстарында, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде боран болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында 15-22 м/с-қа дейін жел күшейеді. Маңғыстау облысында тұман түседі.

Жамбыл, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ орнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Атырау облысында 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде.