Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2007-жылдың 1-маусымынан бастап табиғи монополия субьектілерінің қызметіне 47 тарифті көтеруге 26 өтініш берілген, соның ішінде 21 тарифті бекітуге берілген 14 өтінріш заңнама талаптарын бұзуға байланысты қаралмастан кері қайтарылған. 19 тарифті бекітуге берілген 12 өтінішті қарау қорытындысы бойынша тариф жобаларының негіздемесіне жасалған талдау мен сараптама нәтижесінде қазіргі қолданыстағы 6 тариф өзгеріссіз қалдырылып, 3 тариф арзандатылып, 10 тариф көтерілді.
Мынадай су шаруашылығы жүйелерінің қызмет тарифтері көтерілді : "Текелі су құбыры" ҚККД( Текелі қаласы) - 21,5%, "Жетісу-Водоканал" (Талдықорған) ҚККБ - 7%, "Мақтаарал аудандық ауыз су жүйесі" ҚКК (Мақтаарал ауданы, ОҚО) - 7,42%, "Петропавл Су" АҚ (Петропавловск) - 10%, "Көксу су құбыры" ҚККД (Балпық-би ауылы, Алматы облысы) - 15,8%.
Сондай-ақ, мынадай елді мекендердегі кәріз жүйесінің тарифтері көтерілді: "Текелі су құбыры" ҚККД( Текелі қаласы) - 23,3%, "Жетісу-Водоканал" (Талдықорған) ҚККБ - 7%, "Петропавл Су" АҚ (Петропавловск) - 7%, "Көксу су құбыры" ҚККД (Балпық-би ауылы, Алматы облысы) - 0,2%.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті