"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери барлау органдары әскери қызметкерлердің ақшалай үлесін бөлу барысындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау және жолын кесуге бағытталған бірқатар іс-шаралар жүргізді",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Атап айтқанда, арнаулы қызметтің ақпараттарына сүйенсек, Талдықорған гарнизонының әскери сотының шешімімен екі әскери бөлімше командирлерінің орынбасарлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3-тармағының "б" және "г" тармақшасы мен 314-бабының 2-тармағында (қызметтік құжаттарды қолдан жасау және сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе ысырап ету) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Баспасөз қызметінен белгілі болғандай, олар "әскери қызметкерлерге жалақы бөлу барысында жалған мәліметтер енгізу жолымен бюджет қаржысын жымқырған". Әскери қызметкерлердің мүліктері тәркіленіп, 650 және 600 айлық есептік көрсетшкіш көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік және қаржы іс-қызметімен байланысты лауазымда 4 мерізіммен қызмет ету құқығынан айыру жазасы тағайындалды",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараттары бойынша, Семей гарнизонының әскери сотының шешімімен Семей қаласының әскери госпиталінің есепшісі мен госпиталь бастығының қаржы және экономикалық жұмыстар жөніндегі бұрынғы орынбасарын осы тектес қылмыс жасағаны үшін бас бостандықтарынан айыруға үкім шығарылды.
"Сотталғандардан мемлекет кірісіне 9,5 миллионнан астам теңге қайтарылды",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті