"Бәрі де жемқорлықтың шырмауына іліккен. Ауруханаға кедейлер жатса, үш мың теңге бер - сонда сені қарнаған болады, бес мың теңге берсең - қарайды. Ақша берсең - аттестациядан өтесің",- деп мәлімдеді мәжіліс депутаты Серік Әбдірахманов.
"Мұндай жағдайға өн бойын сыбайлас жемқорлық жаулап алған денсаулық сақтау жүйесі кінәлі",- деді депутат Ерасыл Әбілқасымов Шымкентте саяси партиялар мен бейресми ұйымдардың өкілдерімен кездесу барысында. - Сыбайлас жемқорлық медицина қызметкерлерінің жауапсыздығы мен немқұрайдылығын, кәсіби біліксіздікті тудырады, санитарлық қызметтің төменгі деңгейіне алып келеді".
Мәжіліс депутаттары облыста екінші күні жұмыс істеуде. Топ құрамында Әбдірахманов пен Әбілқасымовпен бірге Тоқтар Әубәкіров пен Амалбек Тшанов бар. Депутаттар облыстағы ауруханаларда болып, ВИЧ індетін жұқтырған балалардың ата-аналарымен және медицина қызметкерлерімен кездесті. Бүгін депутатар балалардың ВИЧ індетін жұқтыруына байланысты қозғалған қылмыстық істерді тексеріп жатқан тергеуілер тобының мүшелерімен кездеспекші. Сапар қорыындысы бойынша депутаттар парламенттік тыңдаулар өткізбекші.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті