Республиканың кәсіподақ ұйымдары Еңбек Кодексінің жобасына өз ұсыныстарын енгізбекші

"Біз жаңа Еңбек Кодексінде еңбеккерлердің де, кәсіподақ ұйымдарының да нақты құқығы ескерілгенін қалаймыз",- деді С.Мұқашев.

Сьезде жалақы, шетелдік кәсіпорындарда қазақстандық жұмысшылар құқығының сақталу проблемалалары талқыланады. "Біз шетелдік кәсіпорындарда қазақстандық жұмысшылар құқығының сақталу проблемасына үкімет пен парламент назарын аударып, олардың нақты құқығына кепілдік беруді Елбасынан өтінбекпіз",- деді С.Мұқашев.
Қазақстанның кәсіподақ ұйымдарының ХХ сьезі 31-мамырда Астанада өтеді.