Республиканың оңтүстік өңірлерінде күшті жел тұрып, шаңды боран соғады

Осыған байланысты аталмыш облыстардың төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің басшыларына халыққа осы жөнінде хабарлама таратып, адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануды тапсырма жүктелді.

Атап айтсақ, құтқару қызметінің құрамы мен техникасын дайындық жағдайына көшіру, тіршілік қамтамасыздығы нысандарына тұрақты жұмыс істеуге жағдай жасау, жолдар мен көпірлер ахуалына және көлік қозғалысына бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берілді.