Республиканың су қоймаларында алты адам суға батып кетті, төрт жасөспірімнің мәйіттері іздестірілуде

Мекеме ақпаратына сәйкес, өткен тәуліктерде Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданында Қарағандыдан солтүстікке қарай 20 шақырымда Ертіс-Қарағанды каналында 12 сағат 10 минутта 40 жастағы ер адам суға батып кетті. Оның мәйітін судан құтқару қызметінің мамандары шығарып алды.

Сонымен бірге Батыс Қазақстан облысының Зеленовский ауданы, Новенький ауылында 16-маусымда 10 сағат 10 минутта шаған өзенінде жүзіп жүрген 24 жастағы жігіт суға батып кетті. Оның мәйітін судан құтқару қызметтері жексенбі күні 13 сағат 50 минутта шығарып алды.

Сондай-ақ, Қызылорда облысы Сырдария ауданының Тереңөзек ауылы Айтек каналында 17-маусымда 14 сағат 10 минутта 12, 14, 16 және 18 жастағы төрт жасөспірім суға батып кетті. Мәйіттерді судан құтқару қызметі іздестіріп жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті