"Шикізат өндіруші саланың дамуына қоршаған ортаны аялау саясаты негіз болуға тиіс. Табиғатты тұтынумен ғана шектелу - тұйыққа тірейтін жол",- деді К.Мәсімов. Осыған байланысты ол барлық жер қойнауын пайдаланушыларды "таңдаулы халықаралық тәжірибенің негізінде экологиялық таза технологияларды қолданысқа енгізу, экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қоршаған ортаға мүлдем қалдық тастамау саясатын қолдану мақсатында күш біріктіруге" шақырды. "Табиғат қорғау жөніндегі заңнама талаптарын белден басуға жол беруге болмайды",- деді К.Мәсімов.
"Шикізатты өңдеу деңгейін көтеру қажет. Батыс Қазақстанда мұнайхимиясы кластерін құру аясында үкімет шикізатты терең өңдеуге және мұнайхимиясы өнеркәсібін дамытуға дайын кәсіпорындарға қолдау көрсетуге әзір",- деді ол.
"Қазақстанның экономикалық дамуы мен шағын және орта кәсіпорындарды дамытуда мұнайгаз және энергетика секторларының ірі кәсіпорындары катализатор ролін атқаруға тиіс",- деді министр. Ол үшін К.Мәсімовтың айтуынша, "өткізілетін тендерлердің ашықтығын арттыруға бағытталған нұсқаулар дайындау керек".
Сонымен бірге еліміздің транзиттік әлеуетін белсенді дамыту қажет. "Энергетикалық ресурстарды сатушы және оны тұтынушы ірі аймақтардың бел ортасында орналасқан еліміздің бірегей геоографиялық орналасуы Қазақстанды келешегі зор транзиттік бағыттардың тізіміне енгізіп отыр. Бірақ өкінішке орай, қазіргі кезеңде біз өзіміздің осынау транзиттік әлеуетімізді толыққанды пайдалана алмай, транзиттен түсетін пайдадан қағылып отырмыз",- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті