Реттелетін коммуналдық қызметтердің 2008 жылы инфляцияға қосатын үлесінің ең шектеулі өсімі 1,5%-дан аспауға тиіс - Мәсімов

"Мен 2008 жылы тарифтердің көтерілуі 1,5%-дан аспауға тиіс деген шешімді бекітуді сұраймын", - деді Кәрім Мәсімов.

"Бұл - ең жоғары шек, одан асыруға болмайды", - деді ол.

"Өмірзақ Естайұлы айтқандай, әлі де тереңірек үңіліп көру керек, мүмкін тіпті 1,5%-ға да көтермейтін шығармыз", - деді премьер. "1,5 % - бұл ең жоғары шегі", - деп тағы бір рет шегеледі премьер-министр.