"Резеңке таяқпен қорлаған": Алматыда түрме қызметкері сотталды

Алматының ЛА-155/18 мекемесінің инспекторы айыпталушыға күш көрсеткені үшін сотталды деп хабарлайды Paryz.kz, Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Анықталғандай, полиция қызметкері сотталушыны кісенмен, резеңке таяқпен зорлық-зомбылық көрсеткен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн брифингте инспектор Ережеповтің 6 жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы айтылды.

Ол сотталушыға қарсы арнайы құралдармен (кісен және резеңке таяқпен) физикалық күш қолданған.


Осылайша, ол адамның денсаулығына, заңды құқықтары мен мүдделеріне зиян келтірген.