Режеп Ердоған Минскіде үлкен мешіттің ашылуына қатысты

Бұл туралы Азаттық хабарлайды. 

Режеп Ердоған мен Беларусь президенті Александр Лукашенко Минскіде екі жақты сауда және экономикалық қарым-қатынасты талқылап, екі ел бизнес форумына қатысты.

Ердоған Минскіде Анкара қаржыландырған күмбезді мешіттің ашылу салтанатына қатысты. Жаңа мешіт қаладағы ескі тарихи мешіттің орнына салынған. Беларусьтің липка татарлары салған ескі мешітті Совет одағы кезінде коммунистер бұлдірген болатын.

Липка татарлары 13-14 ғасырларда сол кезде Ұлы Литва княздігі деп аталған территорияға қоныстанған. Липка татарларының шағын қауымдары қазіргі Беларусь, Польша және Литва жерінде тұрады. Бұл шағын этникалық топ өкілдері ана тілінде сөйлемегенімен, дінін сақтап қалған.