Режеп Тайып Ердуан Түркия президенті ретінде ант қабылдады

   Бұл туралы бейсенбі күні жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Р.Ердуан парламентте ант қабылдады. Оппозициялық Республикалық халық партиясының депутаттары рәсімге қарсы байкот жариялап, қазіргі заманғы Түркия тарихындағы 12-ші президентті ұлықтау рәсіміне қатысқан жоқ.

Р.Ердуан 10-тамыздағы сайлауда 52 пайыз дауыс жинады.