Қылмыстық істер бойынша Медеу аудандық соты кеше ұсталған режиссер Талгад Жәнібековке қатысты бұлтартпау шарасын қолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сот бұлтарпау шарасы ретінде Талгад Жәнібековті екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды", - деді Алматы қалалық сотының Ақпаратпен қамтамасыздандыру бөлімінің басшысы Дияс Махамбетов.
Осылайша, режиссер 2017 жылдың 28 ақпанына дейін тергеу изоляторында қамауда болады. Режиссердің адвокаты Серік Айтбаев сот үкіміне шағым түсірмекші.
Еске сала кетейік, кеше "Феникс" фильмінен қаражат жымқырды деген күдікпен режиссер Талгад Жәнібеков ұсталған болатын. "Бүгін оны "қылмыс орнында құрықталды" деп ұстап әкетті. Ұстау туралы қаулыда солай жазылған. Күлкілі. 72 сағатқа ұстау үшін адам қылмыс орнында ұсталуы керек", - деп хабарлаған еді режиссердің адвокаты Серік Айтбаев.