Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Бұндайға сенбеуші едім, рас сияқты. Біздің режиссерлер бұзылған дейді. Сахнаға сұранған қыздарды төсекке тарту не сұмдық. Әйгілі актриса Құралай Анарбекованың сұхбатын түгел тыңдадым. Ешкім біле бермейтін құпияларды жайып салды. "Төсек арқылы үлкен өнерге жол ашқан қыздар баршылық", - деп отыр.
Қазақтың ұлттық болмысында жоқ бұндай жаман әдет қашан пайда болған? Тұла бойы талантқа тұнып тұрған қыздарымыз төсекке шақырса неге бас тартпайды? Әлеуметтік желіде көптеген әртістер Құралайдың бұндай құпияны ашып айтқанына ренжіп жатыр. Танымал әншілердің бірі инстаграм парақшасына: "Өнердің ішкі кухнясын сыртқа шығарып не керегі бар?", - депті.
Өнер жолы ауыр жол деген сөзді жиі естиміз. Соның бір соқпағы осы сияқты. Жұмада жазатын тақырып емес еді, бірақ бұл өнер саласының үлкен қасіреті болғандықтан амал жоқ жаздым", - деп жазды ол.