«Кеден одағы атыраулық бизнесмендерге көршілес Астрахань облысы нарығын белсенді игеруге мүмкіндік берді. Бәрінен де қуантатыны, шекаралық ынтымақтастық одан сайын даму үстінде. Қазақстандық капиталы бар кәсіпорындарды сауда, құрылыс индустриясы, кеме шығару салаларында кездестіруге болады. Кедендік одаққа дейін олардың бұл салаларға енуі мүмкін болмайтын», - деп атап өтті ҚР-дың Астрахань облысындағы консулы Асхат Сыздықов.