РФ Бас прокуратурасы Францияға Мұхтар Әблязовты беру туралы өтініш жолдады


  Бұл туралы РФ қадағалау ведомствосы төрағасының орынбасары Александр Звягинцев мәлім етті.
           Оның айтуынша, Ресей М.Әблязов БТА Банкке тиесілі 5 млрд доллардан астам қаржыны жымқырды деп айыптап отыр.
           М.Әблязов Францияның оңтүстігіндегі Канны қаласы маңында қолға түскен болатын.