РФ Федералдық кеңесі мен ҚР парламенті сенатының мүшелері екі жақты ынтымақтастықтың даму қорытындысын шығарады

В.Густовтың айтуынша, бүгінде Ресей мен Қазақстан арасында президенттік, парламенттік және үкіметтік деңгейлерде "етене жақын байланыс орнады".

РФ Федералдық кеңесінің мүшелері Қазақстанға сапары барысында сенат депутаттарымен бірлесе отырып экономика, әлеуметтік даму, шекаралық ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылап, "парламентаралық байланысты дамыту бағыттарын айқындайды",- деді В.Густов.
Ол сондай-ақ, "көреген әрі данагөй басшысының арқасында Қазақстан ұлттық экономиканы дамыту мен екі жақты Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын дамытуға нақты қадамдар жасай алды" деп атап өтті.