РФ Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің төрағасы ресми сапармен елімізге келеді

Сапар барысында ҚР парламенті сенатының депутаттары алдында сөз сөйлеп, "Қазақстан мен Ресейдің индустриалдық-инновациялық саясаты: заңнамалық қамтамасыз ету және оны жүзеге асыру ерекшеліктері мен біртұтастығы" тақырыбы бойынша парламентаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысып, Федерация Кеңесіне арналған кітап және фотокөрмесінің ашылу салтанатына қатысады.

Бұл шаралар Қазақстан Республикасы парламенті сенатындағы Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің күндері аясында өткізіледі.
Сондай-ақ С.Миронов ҚР көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Нағманов, ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев,тармен кездесіп, "ҚазМұнайГаз" ҰК", "Қазақстан даму банкі" ЖАҚ мен "Бәйтерек" кешенінде болады.