РФ Мемлекеттік думасы төрағасының орынбасарының пайымдауынша, Қазақстандағы қазіргі сайлау тәжірибесі Ресей үшін пайдалы болмақ

"Желтоқсан айында өтетін Мемлекеттік думаның сайлауына байланысты біз үшін Қазақстанның тәжірибесінің маңызы зор, біз жаңа жүйе бойынша парламенттің қалай жасақталатыны жөнінде талдау жасай аламыз. Көптеген мәселелер бойынша Қазақстан ұдайы алда келеді, демек, біз үшін көріп көңілге түйетін дүние осында көп", -деді В. Пехтин.

Оның айтуынша, "осы тұрғыдан алғанда байқаушылар институтының қажеттігіне күдік келтіру мен оның әмпей-жәмпейлігі жөнінде сөз қозғау мүлдем дұрыс емес". "Біз түрлі елдерден келген, түрлі саяси бағыттағы адамдармыз. Мәселен, мен "Единая Россия" партиясының өкілі болсам, Украинадан келген менің әріптестерім - Юлия Тимошенко блогының өкілдері, бірақ сайлаудың қалай өтіп жатқандығына қатысты біздің пікіріміз біртұтас және сайлау нәтижесіне әсер ететін күрделі заң бұзушылық жоқ деген пікірдеміз", - деді ол.

Оның айтуынша, байқаушыларда "азын-аулақ қана ескертпелер бар". "Мәселен, бірнеше адам тізімге енбей қалған, бірақ, артынан олардың жаңа пәтер сатып алып, бұрынғы жерде тіркеуден шықпастан, жаңа тұрғылықты мекен-жайы бойынша дауыс беруге келгені белгілі болды. Бірақ бұл сайлау науқанының барысына әсер ете алмайтын ұсақ-түйек проблема", - деп қорытты В. Пехтин.

Өз кезегінде Украина Верховная радасының депутаты Сергей Зинченко республикада сайлаудың таныш өтіп жатқанын атап өтті. "Біз өз елімізде бір айдан кейін не болатынын біліп отырмыз, бұл жерде салыстырма тұжырым Қазақстанның пайдасында екенін айта кету керек, өйткені, сіздің елде агрессия жоқ, сіздерде түрлі саяси партиялардың барлық байқаушылары ескертулердің жоқ екенін айтуда", - деді ол . Бақылаушы тізімдерді жасақтауға байланысты мәселелердің "негізінен тұрғындары әлі де жайласып үлгермеген жаңа аудандарда көрініс беретінін, ал сайлаушылары дауыс беруге жыл сайын келетін тұрақты аудандарда сайлаудың өте ұйымдасқан түрде өтіп жатқанын" атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті