Оның шеңберінде Қазақстан аумағында ресейлік технологияны пайдаланып атом электр станциясын салу туралы меморандумға қол қойылады.
«Бейбіт атом бойынша ынтымақтастық саласында төрт құжат бекітілмек, оның ішінде ядролық-энергетикалық саладағы ынтымақтастық және Қазақстанда (Курчатов қ.) ресейлік технологияны пайдаланып атом электр станциясын салудың кешенді бағдарламасы бар, дейді РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков.
Ю.Ушаковтың айтуынша, екі президенттің кездесуі Ресей, Белорусь, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімшартқа қол қоюы бойынша ресми және салтанатты шаралардан кейін өтеді. «РФ мен Қазақстан лидерлері отын-энергетикалық секторға ерекше назар аудара отырып ынтымақтастық мәселесін талқылайды», дейді Кремль өкілі.
В.Путин Астанада еуразиялық саммиттің өзге де қатысушыларымен қысқаша кездесулер өткізбек.