Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, РФ есірткі айналымын бақылаудың федералдық қызметі мен ҚР ІІМ жетекшілері арасында болған кездесу кезінде хаттамаға қол қойылды.
"Құжат Ресей федерациясының есірткі айналымын бақылау жөніндегі федералдық қызметі мен ІІМ шекаралық аумақтық бөлімшелерімен қабылданып, олар тікелей есірткі айналымына тосқауыл қою құқығына ие болады ", дейді баспасөз қызметіндегілер.
Құжатқа қол қойғын екі жақ өкілдерінің берген бағасы бойынша, ақпарат алмасып, тікелей қарым-қатынастар жасау арқасында, аумақтық шекара қызметтерінің бірлескен шешімдерді шұғыл түрде қабылдауына септігін тигізеді.
Кеңестің жұмысына Ресей федерациясының есірткі айналымын бақылау жөніндегі федералдық қызметі директорының орынбасары Олег Харичкин, ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы Маратқали Нүкенов, Омбы облысының губернаторы Леонид Полежаев, Ресей және Қазақстан шекаралық аймақтарының құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысты.
Ресейлік есірткіге қарсы күрес полицейлерінің ақпараты бойынша, жыл басынан бері Ресейде 500 есірткі контрабандасы анықталып, оның 30% Ресей-Қазақстан шекарасында құрықталған. Ауыр есірткінің 45 пайызы шекарада тәркіленеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті