РФ Орталық сайлау комиссиясы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, конференцияда А.Вешняков Ресейдегі сайлау заңнамасының қалыптасу және даму барысына арналған баяндама жасайды.
РФ Орталық сайлау комиссиясының өкілдері конференция аясында Ресейдің "Выборы" мемлекеттік автоматтандырылған жүйесінің қазақстандық баламасының жұмысымен танысады.
РФ Орталық сайлау комиссиясының өкілдері бұл сапар барысында қазақстандық әріптестерімен әр деңгейдегі сайлау науқандарына дайындық және оны өткізуге қатысты тәжірибе алмасады.