Бұл туралы журналистерге РФ президентінің көмекшісі Сергей Приходько хабарлады. Оның айтуынша, 6 маусымда Молдова президенті Владимир Воронинмен, Украина президенті Виктор Ющенкомен, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедовпен, Әзербайжан президенті Ильхам Алиевпен, Грузия президенті Михаил Саакашвилимен, Өзбекстан президенті Ислам Карімовпен және Армения президенті Серж Саркисянмен кездесу жоспарланған. Ал 7 маусымда Құрманбек Бакиевпен (Қырғызстан) және Эмомали Рахмонмен (Тәжікстан) кездесу алдын ала жоспарланған.
Приходьконың айтуынша, сондай-ақ, Медведевтің Македония президенті Бранко Црвенковскимен және ірі шетел бизнесінің өкілдерімен кездесу көзделіп отыр.