РФ президенті Ресей мен Қазақстанның арасындағы ұшу -сынақ орталығын пайдалану тәртібі туралы келісімге енгізілетін өзгертулерді бекітті

Федералдық заңмен 2006 жылдың 4-сәуірінде Мәскекде қол қойылған Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы РФ Қорғаныс министрлігінің 1995 жылдың 20-қаңтарындағы 929-шы ұшу-сынақ орталығын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан нысандар мен әскери алаңдар) пайдалану тәртібі туралы келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама бекітіледі.

Көрсетілген хаттамамен келісімге аталмыш полигонның жұмыс істеуі және сынақ жүргізудің жаңа шарттарына, жер телімдерін онда орналасқан жылжитын және жылжымайтын мүліктерімен жалға беру және оларды пайдаланғаны үшін төлем төлеу ретіне қатысты, сонымен қатар жер телімдерінің жаңа координаттары мен Қазақстан Республикасынан жалға алып отырған нысандар мен мүліктердің жаңа тізіміне қатысты өзгертулер енгізіледі.

Хаттаманың ережелерімен қару-жарақ пен әскери техникалардың жаңа үлгілеріне сынақ жүргізу барысында 929-шы Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының жер телімдері мен әуе кеңістігін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан 4-ші Мемлекеттік орталық түраралық полигонының мүддесіне пайдалануға рұқсат беріледі, сонымен қатар 929-шы Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының әскери құрылымының мәртебесін анықтау тәртібі нақтыланады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті