РФ президенті Сары-Шаған полигонын пайдалану шарттары туралы Ресей мен Қазақстанның арасындағы келісімге енгізілетін өзгертулерді бекітті

Көрсетілген хаттамамен келісімге Сары-Шаған полигонында жұмыс істеу және сынақ жүргізудің жаңа шарттарына, жер телімдерін онда орналасқан жылжитын және жылжымайтын мүліктерімен қоса жалға беру және оларды пайдаланғаны үшін төлем төлеу ретіне қатысты, сонымен қатар жер телімдерінің жаңа координаттары мен Қазақстан Республикасынан жалға алып отырған нысандар мен мүліктердің жаңа тізіміне қатысты өзгертулер енгізіледі.

Хаттаманың ережелерінде 10-шы Мемлекеттік сынақ полигонының (Қазақстан Республикасының Сары-Шаған полигоны аумағында орналасқан әскери алаңдар) 4-ші Мемлекеттік орталық түраралық полигонына оның құрылымдық бөлімшелері ретінде бірігуіне байланысты жүргізілген ұйымдастыру-штаттық шаралары ескерілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті