РФ президенттік сайлауы Ресейдің белгілі саясаткерлерінсіз өткізілуі мүмкін

Агенттікке белгілі болғанындай, президенттікке үміткерлердің тізімінде КПРФ жетекшісі Геннадий Зюганов болмауы ықтимал. Агенттіктік Коммунистік партиясының баспасөз қызметіндегі ақпарат көздерінің болжамдары бойынша, бұл парламент сайлауларынан кейін жетекшінің шаршауымен және Кремльдің "өтінішімен" байланысты болуы мүмкін. Егер бұл шыңдыққа жанасса, онда КПРФ өзінің басқа адамын ұсынуы керек. Бәлкім бұл МД қауіпсіздік жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Виктор Илюхин шығар", деп хабарлады КПРФ баспасөз қызметінде.

Естеріңізге сала кетсек, 2004 жылы президенттік сайлауға КПРФ -тан Путинге қарсы Николай Харитоновтың кандидатурасы ұсынылды.

ЛДПР әзірге президенттік сайлауға қатысатыны немесе біреудің кандидатурасын қолдау жөнінде нақты шешім шығармады. "13-желтоқсанда өтетін партия съезінде партия жетекшісі Владимир Жириновский өзінің шешімін жариялайтын болады",- деген ақпаратты ЛДРП баспасөз қызметі таратты.

17 желтоқсанда СПС партиясынан ұсынылатын тұлға белгілі болады. Әзірге, Борис Немцовтың кандидатурасы ауызда.

Сонымен қатар, президентік сайлауға қатысудан "Справедливая Россия"партиясының жетекшісі Сергей Миронов бас тартты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті