РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қазақстандық Ұлы отан соғысы ардагерлерін президент Путиннің атынан марапаттады

Соғыс ардагерлеріне сәлем бере сөз сөйлеген В.Рушайло алдағы 2005-жыл Ұлы отан соғысында жеңіске жетуге 60 жыл толатын айтулы мерейтой жылы екенін ерекше атап өтті. РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қазақстандық Ұлы отан соғысы ардагерлеріне президент Путиннің және Ресейді мекенденетін Ұлы отан соғысы ардагерлерінің атынан игі тілектер жолдады.

В.Рушайло осы орайда "Ұлы отан соғысы ардагерлерімен өткізілетін кездесулер анда-санда ғана ұйымдастырылатын кездейсоқ эпизодтар емес, Қазақстанның да, Ресейдің де мемлекеттік саясатының бір құрамдас бөлігі екенін" атап көрсетті.
Сөз соңында ол соғыс ардагерлеріне "кейінгі ұрпаққа жырғаулы өмір сүруге жағдай жасап бергені үшін" ризашылық білдірді.
Бес соғыс ардагері "Халықаралық қауіпсіздікті нығайтқаны үшін" медалімен, сегіз адам Ресей Федерациясының ескерткіш белгілерімен марапатталды. Ал соғыста ерлермен бірдей от кешкен әйелдер қауымына президенттің қолтаңбасы бар сағаттар табыс етілді. Кейбір соғыс ардагерлеріне маршал Жуковтың кітаптары мен ескерткіш сыйлықтар ұсынылды.