РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Рушайло елімізге ресми сапармен келеді

Сапар барысында В.Рушайло Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Болат Өтемұратов, ҚР ішкі істер министрі Зауытбек Тұрысбеков, қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев, ҰҚК төрағасы Нартай Дүтбаевпен кездесіп, келіссөздер жүргізеді.

Екі жақты ынтымақтастық жоспары аясында жүзеге асырылатын бұл сапар барысында соңғы кездері тосыннан төне бастаған қауіп-қатерлерге қарсы тұру шараларын ойластыру мақсатымен Қазақстан мен Ресейдің өзара ынтымақтастығы туралы талқыланады деп күтілуде.