РФ құрылыс компанияларын еліміздегі тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға қатыстыру - тұрғын үй бағасының арзандауына септігін тигізбек - үкімет басшысы

Д.Ахметовтың айтуынша, 2004-жылдың желтоқсан айында бағдарламаны жүзеге асыруға Ресейдің 21 құрылыс компаниясын қатыстыру туралы келісімге қол қойылған. "Бұл компаниялар таяудағы тендерге қатысып, баспана бағасын арзандатуда катализатор ролін атқарады деп сенемін",- деді Д.Ахметов.

"Үкіметтің бағалауынша, тұрғын үйдің 1 шаршы метрін 350 долларға бағалау - қол жеткізуге тіптен болатын деңгей",- деп мәлімдеді үкімет басшысы.